Бүгін Ұлытау облыстық орталық мешітінде Ғұламалар кеңесінде бекітілген пәтуаларды түсіндіру мақсатында өңір имамдарына арналған семинар өтті.
Семинар барысында «Мешітте екінші рет жамағат болып намаз оқу үкімі» атты пәтуа таныстырылып, оның мазмұны мен шариғи негіздері түсіндірілді.
Жиынның негізгі мақсаты – имамдардың діни білімін жетілдіру, діни мәселелер бойынша бірізді ұстанымды қалыптастыру және Ғұламалар кеңесінде бекітілген пәтуаларды халыққа дұрыс жеткізу.
Семинар соңында қатысушылар тақырып аясында пікір алмасып, өздерін толғандырған сауалдарға жауап алды.