Ұлытау облыстық орталық мешітінде өңір имамдарының қатысуымен жиналыс өтті.
Жиынға Ұлытау облысының бас имамы Бейбіт Бақытжанұлы мен бөлім басшылары қатысты.
Жиналыс барысында бөлім басшылары жыл бойы өз бағыттары бойынша атқарылған жұмыстар мен ұйымдастырылған іс-шаралар туралы баяндады. Сонымен қатар жылдық есепке дайындық мәселелері талқыланып, атқарылған жұмыстардың қорытындысы сараланды.