КӨШПЕЛІ УАҒЫЗ-НАСИХАТ ЖӘЙРЕМ КЕНТІНДЕ

Ұлытау облыстық «Ахмет ишан Оразайұлы» мешітінің наиб имамы Шалқар Құрбанбек көшпелі уағыз-насихат жұмыстары аясында Жәйрем кенті мешітінде жұма уағызын жүргізді.

Жәйрем кенті мешітінде жамағатқа арнап “Адалдық – мұсылман болмысының айнасы” тақырыбында жұма уағызын айтты. Уағыз барысында Құрбанбек ұстаз адалдық пен әділдік қағидаларын ұстанудың маңыздылығын түсіндірді. Сондай-ақ, әрбір мұсылманның жауапкершілігі мен имандылық жолындағы адал еңбектің сауапты іс екенін атап өтті.

Көшпелі уағыз-насихаттың негізгі мақсаты — ел арасында рухани жаңғыруды насихаттау, ислам құндылықтарын дәріптеу және қоғамдағы өзекті мәселелерге діни тұрғыдан түсінік беру болып табылады.