ҚМДБ Жастар ісі секторы Ұлытау облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен «DINTELLECT» зияткерлік білім сайысы өтті.
Айтулы шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жастар ісі секторының меңгерушісі Бағыжан Ерболатұлы, Ұлытау облысының бас имамы Бейбіт Бақытжанұлы арнайы қатысып, сайыскерлерге сәттілік тіледі. Зияткерлік ойынына облыстың әр аймағынан 6 команда қатысты. Білім сайысында дін мен дәстүр, шариғат, тарих, әдебиет, т.б. бағыттар бойынша ауқымды сұрақтар қамтылған. Сайыс қорытындысы бойынша Сәтбаев қалалық «Ғабдулғани» тобы бас жүлдені жеңіп алды. Ал екінші орынды Жезқазғандық «Жез медресе» тобы алса, үшінші орынды «Жәйрем кенті» тобы иеленді. Жеңімпаз командаларға диплом және қаржылай сертификат табыс етілді. Жеңіске жеткен команда республикалық «DINTELLECT» сайысына қатысады.