ОБЛЫС МЕШІТТЕРІНІҢ ЖЫЛДЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІ ӨТТІ

ҚМДБ Ұлытау облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен желтоқсан айының 2-жұлдызында Ұлытау облысына қарасты мешіттердің жылды қорытындылау есебі өтті.

Жиынды облыс имамы Жансарин Бейбіт Бақытжанұлы алғысөзбен бастап, барша мешіт қызметкерлерінің еңбегіне алғыс білдірді. Облысқа қарасты әр мешіт Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен «Діни оқу-ағарту», «Ізгі қоғам», «Дін мен дәстүр», «Діни оңалту», «Уағыз-насихат», «Шариғат және пәтуа» бағыттары бойынша және «Қайырымдылық», «Уақып», «Цифрлық даму», «Қоғаммен байланыс», «Жастар ісі», «Мешіт істері», «Әйел-қыздар» секторлары бойынша есеп берді.