Апта ішінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен бірнеше дін қызметкері тағайындалды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығына сәйкес, «Ахмет ишан Оразайұлы» мешітінің ұстазы Мусаев Абдурахман Асқарұлы «Ұлытау» қайырымдылық мекемесінің директоры болып тағайындалды.
Сонымен қатар Кеңгір ауылдық “Әбу Бәкір” мешітінің имамы болып Омаров Нұрперзент Еламанұлы тағайындалды.