ОБЛЫСТЫҢ БАС ИМАМЫ МЕШІТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ЖИЫН ӨТКІЗДІ

Ұлытау облысына жаңа сайланған бас имам Жансарин Бейбіт Бақытжанұлы Жезқазған, Сәтбаев қалалық мешіттерінің дін қызметкерлерімен келелі кездесу өткізді.

Ұлытау өкілдігіне қарасты мешіт имамдары мен ұстаздары қатысқан жиын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен бағдарлы бес бағыт аясында өтті. Бағытқа жауапты мамандармен жасалып жатқан әр іс-шара талқыланды. ҚМДБ құжаттарының маңыздылығы мен жекелеген бағыттар бойынша басты ережелер пысықталды. «Имамның тұлғалық келбеті», «Уағыз айту әдебі» бойынша имамның жауапкершілігі сөз етілді. Сөз соңында облыс бас имамы барша дін қызметкеріне береке тіледі.