Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Сәтбаев орталық мешітінде “Отбасым – менің тірегім” атты тағылымды іс-шара өтті. Шараның басты мақсаты – отбасының қадір-қасиетін ұлықтап, ұлттық салт-дәстүрлерімізді дәріптеу болды.
Іс-шара барысында отбасы құндылықтары жайында уағыздар айтылып, салт-дәстүрлерімізді жаңғыртудың маңыздылығы түсіндірілді. Ардақты әжелеріміз жастарға өнегелі сөз айтып, отбасының бірлігі мен берекесі туралы насихаттарымен бөлісті.
Сонымен қатар, қазақтың төл дәстүрлері көрсетілді:
• Бесікке бөлеу рәсімі жасалып, оның тәрбиелік мәні түсіндірілді.
• Тұсаукесер дәстүрі ұйымдастырылып, жас буынға бағыт-бағдар берудің көрінісі көрсетілді.
Шара соңында қатысушылар ұлттық тәрбиенің негізі – отбасы екенін тағы бір сезініп, ата-бабадан қалған асыл дәстүрлердің мәңгілік құндылық екеніне көз жеткізді.