Қаражал қалалық мешітінде оқу-ағарту бағыты аясында хадис ілімінен тағылымды жарыс ұйымдастырылды.
Бұл игі шараға мешіт шәкірттері қатысып, өздерінің білім деңгейі мен дайындығын сынға салды. Жарыс барысында қатысушылар хадистерді жатқа айту, мағынасын түсіндіру және шариғи білімдерін көрсету бойынша бақ сынасты. Әрбір шәкірт жоғары жауапкершілік танытып, өз мүмкіндіктерін барынша көрсете білді.
Қазылар алқасының шешімімен үздік шыққан шәкірттер арнайы жүлделермен марапатталды:
1-орын — 25 000 теңге
2-орын — 15 000 теңге
3-орын — 10 000 теңге
Сонымен қатар, жарысқа қатысқан барлық шәкірттерге ынталандыру сыйлықтары табысталып, олардың білімге деген құлшынысы ерекше атап өтілді. Аталған шара жастардың діни білімін арттыруға, хадис іліміне деген қызығушылығын оятуға және рухани тәрбиені нығайтуға бағытталған маңызды бастама болды.
