Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы “Наймантай-Байғозы батырлар” мешітінде он екі айдың сұлтаны Рамазан айында Құран Кәрімді жатқа оқудан сайыс өтті.
Жарыс 18 жасқа дейінгі мешіт-медресе шәкірттері арасында Құран Кәрімнің 30-парасының “әш-Шәмс және ән-Нас” сүрелері арасында өтті. Жалпы саны он төрт шәкірт өзара бақ сынасты. Жүлделі I-орынды Қуанышбай Абдурахман Бауыржанұлы, II-орынды Қайырбек Әбубәкір иеленсе, ал III-орынды Ахмадфатих Әнуарұлы еншіледі. Жарыста ерекше көзге түскен төрт шәкіртке қосымша сыйлық табысталды және барлық қатысушыларға ауызашар сыйлығы берілді.