ҚМДБ Ұлытау облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен имамдардың білімі мен біліктілігін арттыруға арналған семинар болды.
Аталған семинарға ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы және РАНТ мүшесі Хожамұратов Елбек Тасболатұлы арнайы келіп, дәріс оқыды. Облыс имамдары «исламдағы талас-тартыс мәселелер» бойынша қазіргі қоғамда маңызды деген түйткілді мәселелер бойынша біліктілігін арттырды. Семинарға қатысқан барлық имамдар сертификатпен марапатталды.