Бүгінгі жұма уағызын ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Құрсақов Медет Құрмашұлы жүргізді.
Жұма намазына жиналған жамағат «Исламның тірегі болған төрт хадис» тақырыбында насихат тыңдап, ғибрат алды. Медет Құрмашұлы: «Қасиетті Құраннан кейін екінші шариғат негізі – Ардақты Пайғамбарымыздың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) хадистері. Алла Елшісі қасиетті Құранды адамдарға жеткізуші ғана емес, оның терең сырлы аяттарын сөзі және ісі арқылы түсіндіріп, баяндаушы» – деді. Жұма соңында ақсақалдар бата беріп, ұстазға алғысын айтты.