Сәтбаев қалалық «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешіті қабырғасында діни оқу-ағарту бағытындағы маңызды іс-шара ұйымдастырылды.
Шараның басты мақсаты – жастар мен жамағат арасында ислам құндылықтарын насихаттау, пайғамбар хадистерін үйренуге деген қызығушылықты арттыру және діни білімді тереңдету. Байқауға қатысушылар хадистерді арабша және қазақша мағынасымен жатқа айту бойынша өзара бақ сынады.
Іс-шара соңында үздік деп танылған қатысушылар марапатталып, арнайы алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтар табысталды.



