ҰЛЫТАУ ОБЛЫСТЫҚ «АХМЕТ ИШАН ОРАЗАЙҰЛЫ» МЕШІТІНІҢ НАИБ ИМАМЫ БАС МҮФТИ АЛҒЫСЫН АЛДЫ

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен өткен «QAIYRYMDYLYQ JARSHYLARY» ІІІ республикалық еріктілер форумында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы биыл көктемдегі су тасқыны кезінде тұрғындарға жәрдемші болған еріктілер мен зекет өкілдерін алғыс хатпен марапаттады.

Форумда Ұлытау облыстық «Ахмет ишан Оразайұлы» мешітінің наиб имамы Дархан Даярбекұлы алғыс хатпен марапатталды. «Сіз еліміздің кейбір аймақтарында орын алған алапат су тасқыны салдарынан зардап шеккен отандастарымызға көмек қолын созып, нағыз еріктіге тән ерлік көрсеттіңіз. Сол секілді мүфтияттың қайырымдылық іс-шараларында белсенділік танытып, өзгелерге үлгі боларлық ісіңіз үшін айрықша алғысымды білдіремін. Алла сізге разы болсын!» делінген алғыс хатта.