Ұлытау облысының бас имамы Жансарин Бейбіт Бақытжанұлының төралқалығымен облыс аумағындағы барлық имамдардың офлайн-онлайн жиналысы өтті.
Жезқазған, Сәтбаев қалалық мешіттерінің имамдары оффлайн түрде жиналса, қалған аудан-ауыл имамдары zoom қосымшасы арқылы жиынға қатысты. Жиында дін жолындағы қызметтің кіршіксіздігі, халық алдындағы имамның келбеті жайында айтылды. Сонымен қатар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бекіткен бес бағдарлы жұмысы жөнінде сөз етілді. Барлық мешіттердің қысқы мерзімге дайындығы тексеріліп, аудан, ауыл мешіттерінің жай-күйі баяндалды. Жиын соңында облыс бас имамы барша дін қыметкерлеріне абырой тіледі.