ҚМДБ «Діни білім және кадр дайындау» бөлімінің тапсырмасымен Ұлытау облысында «С» санаты бойынша діни қызметкерлердің біліктілік емтиханы өтті.
Мүфтият бастамасымен қолға алынған бұл білім жетілдіру іс-шарасында А, В, С санаттары бойынша имамдар сынақтан өтуде. Жыл бойы имамдардың діни білімін арттыру, құран ілімі, фиқһ негіздерін меңгеру және шариғат ілімдерін тереңдету мақсатында арнайы біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылған болатын. Аталған курстар аясында алған білімдерін бекіту үшін бүгін Ұлытау өңіріндегі бірқатар дін қызметкерлері емтихан тапсырды.
Бұл бастама діни кадрлардың білімін жүйелі түрде жетілдіріп, жамағатқа сапалы діни қызмет көрсетуге ықпал етпек.