ЖӘЙРЕМ КЕНТІНДЕ МӘУЛІТ КЕШІ ӨТТІ

Жәйрем кентінде қасиетті Мәуліт мерекесіне орай рухани кеш ұйымдастырылды. Іс-шараға арнайы Ұлытау облысының бас имамы Бейбіт Бақытжанұлы қатысты.

Кеш барысында Қарағанды облыстық “Әнет баба” мешітінің ұстазы Сұлтан Аманжолов мәуліт оқып, Ұлытау облыстық “Ахмет ишан Оразайұлы” мешітінің наиб имамы Елдос Қуандықұлы жиналған жамағатқа Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өнегелі өмірі мен көркем мінезі жайында әсерлі уағыз айтты.

Сонымен қатар, жамағат арасында діни білімді арттыру мақсатында викториналық сұрақтар ойнатылып, белсенді қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды.

Мәуліт кеші рухани мазмұнымен, бірлік пен ынтымақты дәріптеген мәнімен жиналған жұртшылықтың көңілінен шықты.