ЖЕЗҚАЗҒАН МЕДРЕСЕСІНДЕ ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА АРНАЛҒАН РУХАНИ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

14-қазан күні Ұлытау облыстық өкілдігіне қарасты әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Жезқазған медресесінде әйел жамағатының басын біріктірген рухани кездесу өтті.

Іс-шараға ҚМДБ Алматы облысы бойынша әйел-қыздар секторының жетекшісі, исламтанушы, психолог Назерке Жаналиева арнайы қатысып, нәзік жандарға арналған отбасы құндылықтары, бала тәрбиесі және шаңырақтың берекесін сақтау тақырыптарында тағылымды әңгіме өрбітті.

Кездесу барысында қатысушылар рухани әсер алып, өмірлік маңызы бар мәселелер бойынша пікір алмасты. Назерке Әкішқызы әйел ананың қоғам мен отбасындағы ерекше рөліне тоқталып, қатысушыларға мотивациялық кеңестер мен діни-рухани бағытта ой-пікірлерін жеткізді.

Шараның басты мақсаты – әйел жамағаты арасында отбасы ынтымағын, мейірім мен имандылық құндылықтарын нығайту болды.