ЖЕЗҚАЗҒАНДА «ПАЙҒАМБАРҒА САҒЫНЫШ» АТТЫ РУХАНИ УАҒЫЗ ӨТТІ

Кеше құптан намазынан кейін Жезқазған қаласында Жұмаділда Елдос ұстаздың қатысуымен әсерлі уағыз-насихат кеші өтті. Рухани жиында ұстаз жиналған жамағатқа “Пайғамбарға сағыныш” тақырыбында мәнді де мағыналы насихат айтты.

Уағыз барысында Мұхаммед (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) пайғамбардың өмірі мен өнегелі іс-әрекеттері, үмметке қалдырған өсиеттері кеңінен айтылып, жамағатты сүннетті ұстануға, мейірім мен ізгілікке шақырды.

Жиналғандар рухани әсерге бөленіп, Пайғамбарымызға деген сүйіспеншілік пен сағыныш сезімін жүректерінде тағы да жаңғыртты.

Шара соңында ұстаз жамағатқа дұға жасап, ел мен жердің амандығын тіледі.