Ұлытау облысында діни-ағартушылық бағыттағы көшпелі насихат шарасы ұйымдастырылды. Шара аясында өңірдегі бірқатар мешіттерде жұма уағыздары айтылып, жамағатқа рухани тәрбиеге бағытталған насихаттар жүргізілді.
Атап айтқанда, Нұрсұлтан Еркінбайұлы Ұлытау облыстық “Ахмет ишан Оразайұлы” мешітінде жұма уағызын жүргізсе, Құрбанбек Серікұлы Сәтбаев қаласындағы “Балмағамбет Балқыбайұлы” мешітінде жамағатқа уағыз айтты. Сонымен қатар, Ризабек Мақсатұлы Сәтбаев қаласындағы “Сәдуақас Ошақұлы” мешітінде насихат жүргізді.
Уағыз барысында “Қайырлы амал – мұсылманның ең үлкен қазынасы” тақырыбы кеңінен қозғалып, ізгі амалдардың маңызы, қоғамдағы татулық пен өзара көмектің құндылығы жайында тағылымды ойлар айтылды. Жамағатқа күнделікті өмірде жақсы істерге ұмтылып, рухани құндылықтарды нығайтудың маңыздылығы түсіндірілді.


