ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР СЕКТОРЫ АЙТТЫҚ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТКІЗДІ

Ұлытау облыстық өкілдігіне қарасты “Әйел-қыздар” секторының ұйымдастыруымен кішкентай қыздарға арналған Ораза айт мерекесіне орай ауқымды іс-шара жоғары деңгейде өтті.

Мерекелік кеш барысында бүлдіршіндерге айттың рухани маңызы кеңінен түсіндіріліп, олардың жас ерекшеліктеріне сай түрлі қызықты бағдарламалар ұсынылды. Әсем безендірілген ортада өткен шарада ойын-сауықтар ұйымдастырылып, балалар көтеріңкі көңіл күйге бөленді.

Іс-шара соңында қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталып, кішкентай жүректерге қуаныш сыйланды.