ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР СЕКТОРЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ ІС-САПАРМЕН БІРНЕШЕ ШАРАҒА ҚАТЫСТЫ

Ұлытау облысы бойынша әйел-қыздар секторының меңгерушісі Қожағазина Аяулым ұстаз Жәйрем кентінде және Қаражал қаласында бірнеше іс-шараға қатысты.

Құрбан айт мерекесіне орай Жәйрем кентінде шәкірттер арасында Құран жарысы ұйымдастырылып, жүзден жүйрік шыққан мықтылар марапатталды. Кейінірек Жәйрем кентінде де, Қаражал қаласында да әйелдерге арналған семинарлар ұйымдастырылып, әр мешіттің әйел жамағатымен танысу дастарқаны болды.