ҚҰРБАН АЙТ ҚҰРМЕТІНЕ ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Облыс орталығында Қасиетті Құраннан шәкірттер арасында сайыс өтті.

Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай Ұлытау облыстық «Ахмет ишан Оразайұлы» мешіті мен «Zhez Medrese» қоры бірлесіп Құран жарысын ұйымдастырды.

Сайыс нәтижесі бойынша 1-орынды Абзал Иса [Ұмра қажылығы], 2-орынды Абдурагим Бейбарыс [ұялы телефон], 3-орынды Жақсыкелді Ерсұлтан [велосипед], 4-орынды Шамкенов Батырхан [самокат], 5-орынды Бекетов Сәкен [самокат] иеленді.