«ӘКЕ – ОТБАСЫНЫҢ ТІРЕГІ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

Бүгін Жезқазған қаласында белгілі ұстаз Арман Қуанышбаевтың қатысуымен “Әке – отбасының тірегі” атты тағылымдық семинар өтті.

Шараның мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, әкенің отбасындағы рөлін арттыру және жастар арасында жауапкершілік пен имандылықты нығайту болды.
Семинар барысында ұстаз Арман Қуанышбаев әкенің бала тәрбиесіндегі орны, отбасы берекесінің негізі және рухани тәрбие туралы әсерлі ойларымен бөлісті. Қатысушылар пайдалы ақпарат алып, сұрақтарына жауап алды.