БЕЛГІЛІ ҰСТАЗ АРМАН ҚУАНЫШБАЕВ СӘТБАЕВ ҚАЛАСЫНДА НАСИХАТ АЙТТЫ

Сәтбаев қалалық «Сәдуақас Ошақұлы» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Республикалық ақпараттық-насихат тобының (РАНТ) мүшесі, белгілі ұстаз Арман Қуанышбаев қала жамағатымен кездесу өткізіп, «Мұсылманға қажетті өмірлік бес қағида» тақырыбында әсерлі насихат айтты.

Кездесу барысында ұстаз қазіргі қоғамдағы рухани құндылықтардың рөлі мен әрбір мұсылманның өмірлік ұстанымдары жайында кеңінен тоқталды. Ол өз сөзінде мұсылман адам өмірінде басшылыққа алуы тиіс бес маңызды қағиданы атап өтті.

Кездесуге келген қала тұрғындары ұстаздың насихатынан ерекше әсер алып, рухани серпіліс алғандарын жеткізді. Шара соңында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, жастарға өнегелі өмір сүруге шақырған бұл кездесу үлкен ықыласпен аяқталды.