Дін істері жөніндегі уәкілетті орган өкілдері арнайы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, халқымыздың дәстүрлі діни бағытын ұстанудың маңыздылығы жөнінде кеңінен түсініктеме берді.
Шара барысында қоғамда белең алып жатқан жат діни ағымдардың қауіптілігіне ерекше назар аударылды. Мұндай ағымдарға еріп кетудің жеке адамның тағдырына ғана емес, бүкіл қоғамның тұрақтылығына кері әсер ететіні нақты мысалдар арқылы түсіндірілді. Сонымен қатар, деструктивті діни қозғалыстарға қатысқандардың заң алдында жауапкершілікке тартылатыны туралы да ескертілді.
Кездесудің басты мақсаты – ел ішіндегі татулық пен бірлікті сақтау, ұлттық және рухани құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ азаматтардың діни сауаттылығын арттыру арқылы оларды түрлі теріс бағыттағы діни идеологиялардан сақтандыру болды.