«АУЫЗАШАР СЕБЕТІ» ТАРАТЫЛДЫ

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Ұлытау облысы бойынша өкілдігі тағы бір ізгілікке сеп болды.

ҚМДБ Ұлытау облысы өкілдігі бұл жолы күннің суығына қарамай еңбек етіп, қала тазалығына сүбелі үлес қосып жүрген 20 кісіге «Ауызашар себетін» үлестірді. Игі істің басы-қасында жүрген бөлім басшысы қызметкерлерге Ұлытау облысы бас имамы Бейбіт Бақытжанұлының ыстық сәлемін жеткізіп, Рамазан айымен құттықтады.