ҚМДБ Ұлытау облысы өкілдігінде «Munara TV» телеарнасының Рамазан айына арналған бағдарламасының тағы бір түсірілімі болды.
«Рамазан – ізгілік айы» бағдарламасының бұл жолғы қонағы болып Ұлытау облыстық «Ахмет ишан Оразайұлы» мешітінің наиб имамы Жұмаділда Елдос Қуандықұлы және теолог Құрбанбек Серікұлы келді. Ал бағдарлама тізгіншісі – Ұлытау облысы бойынша «Munara TV» бөліміне жауапты маман Бауыржан Амангелдіұлы.
Арнайы қонақтарымыз подкастта «Рамазанның соңғы он күні» тақырыбында сүбелі сөз қозғады. Сұхбатты алдағы уақытта «Munara TV» телеарнасынан және youtube каналынан көре аласыздар.