Ұлытау облысының бас имамы Бейбіт Бақытжанұлы Ұлытау облысының тарихи-археологиялық музейінің ұйымдастыруымен өткен Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері Қалкен Мәкенбаевтың өмір жолын баяндайтын көрменің құрметті қонағы болды.
Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мұрындық болған «Ардагер алған асулар» көрмесі Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылды. Көрме барысында Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері Қалкен Мәкенбаевтың рухына арнап Құран бағышталды.
«Төсін оққа тосып, отқа қарсы шапқан, ел қорғап, халқын қызғыштай қорыған ардагерлеріміздің өнегесі – кейінгі ұрпаққа үлгі. Ер есімі – ел есінде!» – деді Бейбіт Бақытжанұлы.