«КӨШПЕЛІ НАСИХАТ» АУДАН ОРТАЛЫҚТАРЫНДА

Ұлытау облысының бас имамы Жансарин Бейбіт Бақытжанұлының бастамасымен облыс аймағында «Көшпелі насихат» ұйымдастырылды.

Бұл бастамадан аудан, ауыл мешіттері де қалыс қалмады. «Көшпелі насихат» барысында Еркебұлан Ермекұлы Жезді кенті мешітінде насихат қылса, Мейіржан Мақатұлы Ұлытау аудандық мешітінде жұма уағызын жүргізді.