БАС ИМАМ АРДАГЕРЛЕРГЕ АЛҒЫС БІЛДІРДІ

ҚМДБ Ұлытау облысының бас имамы Жансарин Бейбіт Бақытжанұлы жергілікті ардагерлердің үйіне арнайы барып, құрмет көрсетті.

Жеңістің 80 жылдығына орай облыс бас имамы жергілікті бірнеше ардагер ақсақалдардың, ақ жаулықты аналарымыздың үйін зиярат қылып, бейбіт ғұмырымыз үшін алғысын жеткізді. Бейбіт Бақытжанұлы: «Алапат соғыстағы жеңістің бізге қалай келгенін ұғыну, қаза тапқандарды қадір тұтып, арамызда жүрген соғыс және тың ардагерлеріне ұдайы қамқорлық көрсету – біздің парызымыз. Бүгінгі бейбіт ғұмырымыз бен бақытты болашағымыз үшін қадірлі ардагерлерге алғысымыз шексіз,» – деді. Өз кезегінде құрметке бөленген соғыс және тыл ардагерлері де облыстың бас имамына ризашылығын айтып, ынтымағы жарасқан елдің алар асуы мол екендігіне сенім білдірді.