ҚМДБ Ұлытау облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен РАНТ мүшесі, «Балаби қари» құран жаттау орталығының директоры Арман Қуанышбаев ұстаз Жезді, Қарсақбай елді-мекендерінде болды.
Арман Қуанышбаев ұстаз ең алдымен ат басын Қарсақбай мекеніне тіреп, ондағы мыс қорыту зауытын зиярат қылды. Қазақстандағы түсті металлургияның қарашаңырағы атанған зауыттың ұжымымен келелі сұхбат жүргізіп, бірақ сұрақ-жауап алмасты. Жергілікті Мәдениет үйінде колледж студенттерімен кездесіп, жастарға насихат айтты.
Сонымен қатар, Ұлытау ауданына қарасты Жезді кентіне де ат басын бұрып, өңір жамағатымен, елді-мекен тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды. Жамағат жайған дастарқан басында жиылып, сүбелі сөз қозғалды.