БАС ИМАМ ЖЕЗДІ КЕНТІНДЕ

Ұлытау облысының бас имамы Бейбіт Бақытжанұлы іс-сапармен Жезді кентінде болды.

Жезді мешітінің имамы Медет Серікұлы мешіт аумағында жүргізіліп жатқан іс-шаралармен таныстырды. Кейінірек Бейбіт Бақытжанұлы Жезді кентінің әкімімен кездесті. Жезді кентінің әкімі Жұмабеков Мұратбек Досымбекұлы облыс бас имамын құшақ жая қарсы алып, жаңа қызметіне абырой тіледі. Жылы жүздесуде Жезді әкімшілігі мен мешіт арасындағы біріге жасалатын жұмыстар талқыланды.