ҚМДБ-ның Республикалық ақпараттық-насихат тобының (РАНТ) мүшесі Дүйсебаев Нұрболат ұстаз Жезқазған және Сәтбаев қалаларындағы мешіттерде уағыз-насихат жүргізді.

Уағыз барысында ұстаз мұсылманның күнделікті өміріндегі маңызды мәселелерге тоқталып, имандылық, адамгершілік, жауапкершілік және көркем мінездің маңызы жөнінде насихат айтты.

Жамағатқа діннің негізгі құндылықтарын берік ұстанып, отбасы мен қоғам алдындағы міндеттерді жауапкершілікпен атқарудың маңызы түсіндірілді.

Кездесу соңында жамағат көкейінде жүрген сауалдарын қойып, ұстаздан діни тұрғыда жауап алды.