ҚМДБ Республикалық ақпараттық-насихат тобының (РАНТ) мүшесі Есенгелдиев Ералы Сапарбайұлы Жезқазған және Сәтбаев қалаларындағы мешіттерде болып, жамағатқа уағыз-насихат жүргізді.
Кездесулер барысында діннің адам өміріндегі маңызы, мұсылманның көркем мінезі, имандылық пен ізгілік, отбасы құндылықтары және қоғамдағы бірлік пен татулық тақырыптары кеңінен сөз болды.
Ералы Сапарбайұлы жамағатты Алла Тағаланың бұйрықтарын орындауға, уақытты тиімді пайдалануға, білім алуға және көркем мінезбен өмір сүруге үндеді.
Уағыз соңында жамағат көкейіндегі сауалдарын қойып, дін мәселелері бойынша тұшымды жауаптар алды.