ҰЛЫТАУ АУДАНЫНА ІС-САПАР

Ұлытау облысының бас имамы Бейбіт Бақытжанұлы Ұлытау ауданында іс-сапармен болды.

Бас имам Ұлытау ауданы әкімі Аманжол Мырзабековпен келелі кездесу жүргізіп, мешіт пен әкімшілік арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі нығаюын тілге тиек етті. Кездесуден соң Ұлытау ауданының жамағатымен жүздесіп, жұма уағызын жүргізді. Уағыз-насихаттан соң мешіттің белсенді белсендісіне умраға жолдама сыйлады. Сонымен қатар іс-сапар барысында облыс имамы Қаракеңгір ауылында орналасқан “Ерден батыр” мешіті мен Қорғасын ауылындағы “Жанкісі би” мешіттерін аралады.