CӘТБАЕВ МЕШІТІНЕ НАИБ ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Сәтбаев қалалық «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешітіне наиб имам тағайындалды.

Бүгінгі жұма намазда мешіт бас имамы Еркебұлан Ермекұлы «Тәуелсіздік – ең қымбат қазына» тақырыбында насихат айтып, мешіт жамағатына жаңа қызметкерді таныстырды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығына сәйкес, Нұрлан Мәрлен Қуанышұлы Сәтбаев қалалық «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешітінің наиб имам қызметіне тағайындалды.

Нұрлан Марлен Қуанышұлы 2003 жылдың 18-қарашасында Сәтбаев қаласында дүниеге келген. 2021-2025 жылдар аралығында Алматы қаласы, Нұр Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінде “исламтану” мамандығын оқыған.