«МҰНАРА» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТОБЫ ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА

Республикалық «Мұнара» телеарнасының директоры Болат Көкенайұлы, бас режиссері Мүсілім Жұмағазыұлы Ұлытау облысына арнайы іссапармен келді.

Іссапар барысында телеарна басшылығы өңірдің діни-ағартушылық бағыттағы жұмыстары және рухани ахуалымен танысып, шығармашылық байланысты күшейтуге басымдық берді. Алдымен ҚМДБ-ның Ұлытау облысы бойынша бас имамы Бейбіт Бақытжанұлымен кездесіп, сұқбат алып, аймақтағы діни қызметтің жай-күйіне қатысты пікір алмасты.

Сонымен қатар, «Мұнара» телеарнасының Ұлытау облысындағы жұмысын жандандыру, қосымша штат ашу және кадрлық құрамды кеңейту мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында бас имам Бейбіт Бақытжанұлымен «Иманым – жиғаным» бағдарламасына арналған түсірілім жүргізілді.