«ДІН МЕН ДӘСТҮР» КІТАБЫ АЯСЫНДА БІЛІМ САЙЫСЫ ӨТТІ

Мәуліт мерекесіне арналған іс-шаралар аясында Ұлытау облыстық “Ахмет ишан Оразайұлы” мешіті мен “Aqniet” орталығының ұйымдастыруымен жамағат арасында білім сайысы өтті. Сайыс “Дін мен дәстүр” кітабы негізінде ұйымдастырылып, қатысушылардың діни сауаттылығын арттыруды және ұлттық құндылықтарды дәріптеуді мақсат етті.

Білім додасында мешіт жамағаты белсенділік танытып, ислам ілімі мен дәстүр сабақтастығы жөнінде өз білімдерін сынады.

Нәтижесінде: 1-орынды Жалғасбаев Тілеген, 2-орынды Жәкенов Нұрғали, 3-орынды Нысан Нұрислам жеңімпаз атанды. Жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.

Шараның негізгі мақсаты – рухани құндылықтарды насихаттау, имандылық пен парасаттылыққа баулу.