2025 жылғы 9 қараша күні «Нұр-Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетінде жоғары оқу орындары студенттері арасында Құран жарысы ұйымдастырылды. Бұл рухани байқауға Ұлытау облысынан да мешіт шәкірттері қатысып, Құранның 29-30 параларын жатқа оқу бойынша өз білімдері мен қабілеттерін сынады.
29-30 паралары бойынша жүлделі 1-орынды Аманқосов Қадырбек [400 000 тг], 2-орынды Бақытов Рауан [350 000 тг] жеңіп алды.
Байқаудың негізгі мақсаты – Құран Кәрімді жаттау мен оны дұрыс оқуды насихаттау, сондай-ақ студенттердің рухани дамуына, ізгі қасиеттерді бойына сіңіруіне ықпал ету.

