«Дархан дала» жобасы аясында Ұлытау облыстық орталық мешітінің имамдары Ахмет ишан Оразайұлының кесенесіне зиярат жасады.
Зиярат барысында имамдар тарихи тұлғаның рухани мұрасын еске алып, Құран бағыштады. Сондай-ақ, халқына қызмет етіп, дін мен дәстүрді ұштастырған тұлғалардың өнегелі өмір жолы мен мұрасын ұлықтаудың маңыздылығы атап өтілді.
«Дархан дала» жобасы – ұлттық руханиятты жаңғырту, тарихи тұлғалардың өмірі мен мұрасын насихаттау, өскелең ұрпақтың туған тарихына деген құрметін арттыруға бағытталған.
ИМАМДАР АХМЕТ ИШАН ОРАЗАЙҰЛЫНЫҢ КЕСЕНЕСІН ЗИЯРАТ ЕТТІ