Сәтбаев қалалық «Балмағамбет Балқыбайұлы» атындағы мешітінде әйелдер жамағатына арналған «Өлімді еске алу – жүректі ояту» тақырыбында рухани-танымдық насихат сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында өлім, ақырет және пенденің дүниедегі жауапкершілігі жайында насихат айтылып, мәйітті жуындыру мен кебіндеу рәсімдері практикалық тұрғыда көрсетілді. Қатысушыларға жаназа рәсіміне қатысты діни қағидалар түсіндіріліп, қажетті мәліметтер берілді.
Насихат сағатының негізгі мақсаты – жамағаттың ақыретке деген жауапкершілігін арттыру, жүректі имандылыққа тәрбиелеу, өлімді еске алу арқылы ізгі амалдарға ұмтылуға және рухани тұрғыда кемелденуге шақыру.
Осындай тағылымды кездесулер адамның өмірге деген көзқарасын қалыптастырып, уақыттың қадірін түсінуге, ізгілік пен сауапты амалдарды көбейтуге ықпал етеді.