Ұлытау облыстық «Ахмет ишан Оразайұлы» мешітіне көмек сұрап келген көпбалалы анаға жәрдем берілді.
Көпбалалы ананың 3 жасар Ислам атты ұлына эпилепсия диагнозы қойылған. Шұғыл ота жасау үшін 750 мың теңге қаражат қажет болды. Бірлігі жарасқан мешіт жамағаты 2 күннің ішінде қажетті 800 мың теңге қаражат жинап берді. «Қайырымдылық қылсаң, қайырын өзің көрерсің» демекші, осы жылуға атсалысқан әр жамағатқа Исламның анасы шексіз алғысын білдірді. Бірлігіміз ажырамасын! Сәбилеріміз ауырмасын!