Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Павлодар қаласындағы «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу байқауы өтіп жатыр.
Екі күнге жалғасқан байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 80 үміткер қатысуда. Аймақтық іріктеу кезеңдерінен үздік шыққан сайыскерлер 4 аталым, яғни Құран Кәрімнің 10, 20 және 30 парасын жатқа оқу, сондай-ақ мәнерлеп оқу бойынша сынға түсті. Сайыстың әр номинациясына Ұлытау облысының намысын арқалап қарилар қатысқан болатын. Нәтиже бойынша 30 параны жатқа оқудан облыстың намысын ту қылған Диас Айтмахан бауырымыз жүлделі 5-орын (1.000.000тг) иеленді. Ел еңсесін тіктейтін жүлделеріміз көп болсын!