Рамазан айының құрметіне ҚМДБ Ұлытау облыстық өкілдігіне қарасты «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен әлеуметтік қолдауға бағытталған игі іс өтті.
Күнделікті қоғам игілігі үшін еңбек етіп жүрген 25 әлеуметтік коммуналдық қызметкерге ауызашар бокстары таратылды. Шараның мақсаты – еңбегі елене бермейтін сала қызметкерлеріне құрмет көрсету, ораза айында рухани қолдау білдіру және қайырымдылық мәдениетін насихаттау.
Ұйымдастырушылар мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті. Ауызашар алған қызметкерлер көрсетілген қамқорлық үшін алғыстарын білдіріп, ел бірлігі мен ынтымағын арттыратын осындай шаралардың маңыздылығын айтты.


