ҚМДБ Ұлытау облысы өкілдігіне қарасты «Зекет және қайырымдылық» қорының қолдауымен Жезқазған қаласындағы Балаларды қорғау орталығында тәрбиеленуші балаларға Рамазан тәттілері таратылды.
Игі шара барысында балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйланып, мерекелік атмосфера қалыптасты. Сондай-ақ дәстүрлі әншілер қатысып, жарапазан айтып, Рамазан айының рухани мәнін дәріптеді. Ұлттық дәстүр мен рухани құндылықтарды насихаттаған бұл көрініс балаларға ерекше әсер қалдырды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай қайырымдылық шаралары балаларға қуаныш сыйлап қана қоймай, қоғамда мейірім мен ізгілікті арттыруға бағытталған. Игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады.





