КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ ОРАЙ «САДАҚ АТУ» САЙЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Жаңаарқа ауданында Конституция күніне орай ерлер мен әйелдер арасында садақ ату бойынша сайыс өтті.

Сайыс басталмас алдын мешіт имамы Қуатбек Асқар имам сөз сөйлеп, қатысушыларды Конституция күнімен құттықтады. «Тәуелсіздігіміздің тұғыры болған бұл Конституция күнін қадірлеу, қастерлеу – отансүйгіштіктің белгісі» – деді. Сайыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар жүлделі орындармен марапатталып, бағалы сыйлықтар берілді.