МЕШІТ ЖАМАҒАТЫМЕН ДӘСТҮРЛІ ІС-ШАРАЛАР ӨТТІ

ҚМДБ Ұлытау облыстық өкілдігіне қарасты Сәтбаев қалалық «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешіті мен «Бірлігі жарасқан жамағат» еріктілер тобы бірлесе демалыс орнына шығып, біршама дәстүрлі іс-шараларға мұрындық болды.

Сәтбаев қаласының жастары өзара бас қосып, «Спутник» демалыс аймағына демалысқа шығып, жамағаттың бекем бірлігін көрсетіп қайтты. «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешітінің бас имамы Еркебұлан Ермекұлы мешіт жамағатымен бірге болып, жас болса да діннің ережелерін бекем ұстап, құлшылық қағидасын орындап жүрген мұсылман жастарға уағыз-насиxат айтты. «Арқан тартыс», «Садақ ату», «Кір тасын көтеру», «100 метрге жүгіру», «Футбол» сындық спорттық жарыстар өткізіліп, жүзден жүйрік шыққан кіл мықтылар марапатталды. Ұйымшылдықтың көрінісі болған демалыс көптің көңілінен шықты.