ҚМДБ Ұлытау облыстық өкілдігіне қарасты Сәтбаев қалалық «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешіті мен «Бірлігі жарасқан жамағат» еріктілер тобы бірлесе отыра, қазақы салт бойынша шеберлік сағатын өткізді.
Мұсылманның ең үлкен мейрамдарының бірі Құрбан айт қарсаңында шариғат бойынша малды сою, шариғи ережелердің сақталуы, мал етін дұрыс жіліктеу сынды маңызды мәселелер айтылды. Ұлытау облысы бойынша пәтуа бөлімінің маманы Еркебұлан Ермекұлы барлық шариғи талаптармен таныстырып өтті. «Дін мен дәстүр» бағыты аясында өткен шеберлік сағаты жиналған жамағаттың көңілінен шығып, алдағы уақытта да дәстүрлі шаралардың көп болуын тілесті.