ҚМДБ Ұлытау облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен наиб мүфти Сансызбай қажы Құрбанұлы бірнеше айтулы іс-шараларға қатысты.
Іссапар барысында «№62 түзету мекемесінде» үгіт-насихат жүргізді. Келелі мәселелер бойынша біршама тақырып қозғап, топтық және жекелеген кездесулер жүргізді. Кейінірек Ғазиз Омаров атындағы Жезқазған шахта проходкалау трестінің еңбек ұжымымен кездесу өтіп, «Асыл дін мен ата салт: үйлесімді өмір негізі» тақырыбында насихат қылды.
Іссапар соңында Ұлытау облыстық «Ахмет ишан Оразайұлы» мешіті асханасында жергілікті жамағатпен шәй-уағыз ұйымдастырылып, «Халқыңның діліне де, дініне де адал бол!» тақырыбында тамаша уағыз айтылды.